ЖАСТАРДЫҢ БЕЛСЕНДІ ШАҚЫРТУ-ВИДЕОЛАРЫ ҮЛКЕН ҚОЛДАУЛАРҒА ИЕ БОЛУДА
Бүгін, 2021 жылдың 6 қаңтар күні әлеуметтік желілерде «Jas Otan» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық штабы белсенділерінің бастауымен «Жүрегіңмен дауыс бер!» жастар акциясы өз жалғасын табуда.
Аталмыш акция барысында жастар өздерінің инстаграм парақшаларына сайлау туралы ойларын білдіріп, өздерінің оқырмандары мен достарын 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлауға қатысуға шақырды.
https://www.facebook.com/nurotanbko/posts/3374523655979265
Сонымен қатар, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының ішіндегі жастарға арналған бағыттарын талқылап, өздерінің қолдау тілектерін жеткізді.
Биылғы жылы сайлау науқанында жастар әлеуметтік желілерде ерекше белсенділік танытып түрлі челлендж, эстафеталар ұйымдастырып, сайлауға шақырту-видеолар жасап та үлгерді.
