«ЖАСТАР ЖЫЛЫНА» ОРАЙ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ
2019 жылдың 26-27 наурыз күндері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің қызметкерлері «Жастар жылына» орай Жәңгір хан атындағы БҚАТУ студенттерімен кездесу өткізді.
Департамент қызметкерлері шараға қатысушыларға қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастырудың және оны көтерудің, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын-алудың маңыздылығы және «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысының негізгі бағыттары жөнінде түсіндірді.
