Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Жастар проблемасы

«Еліміздің келешегі жастардың қолында»

Н.Ә.Назарбаев

Дүниеге келесің. Тәй-тәй  басып ата-әжеңнің сүйікті немересі боласың.

Жаңа ғана бүршік жарған сабақ сынды жайқалып та тұрасың. Жел тұрады,топан су да болады. Оған шыдасаң,өмір сүресің,шыдай алмасаң,көнесің,желге қарсы тұра алмаған бұтақ сынды сынып қаласың. Әлде, қанатын  жаңа қағып келе жатқан құстай ұшуды үйренесің.Өмір-өзен. Ағысымен кете бергің келеді.Алайда,оған қарсы жүзу тәсілін де білу керек, олай болмаған жағдайда өмір ағыны сені қайда әкелгенін білмей қалуың да мүмкін. Иә,достым,сен-жассың! Алдыңда алар мұратың,жетер мақсатың бар. Проблема деген не? Проблема деген сенің жалқаулығыңнан туындаған жалған дүние.

Назар салсаң,бірінші проблема-оқу үлгерімің! Ол сенің оқуға жеткілікті уақыт бөлмеуіңнің себебі.

Екінші-нашақорлық! Кім сізге бұрыс жолға ер деді?Кім сізге қолыңа ине,темекі ал деді. Ойлаңызшы?! Барлығы -сенің жан дүниеңнің өзі қабылдаған шешімі. Біреуді кінәләудің қажеті жоқ...

Жалғыздық? Ол не деген проблема? Досың жоқ па? Айналаңда 17 миллион адам бар. Ойлан?! Бұл саған аздық ете ме? Дос- ол сенің айнаң. Сол себепті,достарыңды көбейткейсің.

Үшінші проблема-ата-анамен қарым-қатынас. Сіз кімсіз? Сіз ата-анаңыздың аялап өсірген,қызым,ұлым деп мәпелеген таңғы шуағысыз. Сіз -ата-анаңыздың бақытысыз! Олар ұрысса сіз арадағы көпірсіз. "Әке-білек,саусағы балалары,қан-тамырмен жалғасқан аралары.Ана-тамыр,бойымен тіршіліктің жылуы таралады,"-деген нақыл сөздердің өзі барлық проблеманы жоятындай. Сіз бақыттысыз! Сіздің тегін білім , медициналық көмек алуға мүмкіндігіңіз бар. Басқа елдермен салыстырғанда, сіз шынымен де бақыттысыз!  Өмір-ғажап! Күліңіз! Проблемалар өзі-ақ шешіледі. Еңбектен! Оқы! Қуан!

1
1
3061

Еще по теме

Жастар проблемасы - Yvision.kz