«ЖАСТАР - ОТАНҒА» БАҒДАРЛАМАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСПАҚ
3 маусым күні «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасы, аудан әкімі Альберт Есалиевтің төрағалық етуімен аудандық саяси кеңестің БЮРОСЫ өтті. Бюро отырысында «Nur Otan» партиясы Казталов аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бекмулдин «Жастар Отанға!» бағдарламасының маңыздылығын атап өтті. Бағдарлама жас қазақстандықтарды ел дамуының ортақ мақсаты төңірегінде біріктіруге және жастардың өзін-өзі дамытуы үшін жан-жақты қолдауды қамтамасыз етуге бағытталған. Аудан әкімі Альберт Есалиев Аталған бағдарламаны тиімді жүзеге асыру мақсатында аудандық Жол картасының іске асырылуы шеңберінде бірқатар жұмыстардың жүргізілу керектігін атап өтті. –«Жұмыссыз жастардың мәселесін дер кезінде шешіп, кәсіпке тартуымыз керек» деген аудан әкімі жас депутаттардың болашақта осы бағытта жұмыстану қажеттігін айтты.
