"ЖАСТАР—ОТАНҒА" БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Онлайн кездесу "ZOOM" желесінде «Nur Otan» партиясының «Jas Otan» Жастар қанаты 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға!» бағдарламасының 5 жылдық жобасы көпшілік назарына ұсынылып, сол бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«Жастар-Отанға!» – еліміздің барлық жастарын қамтитын өте ауқымды бағдарлама. Бұл бағдарлама 5 бағыттан, яғни азаматтық белсенділік, сапалы білім, жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту, жас отбасыларды қолдау және қолжетімді баспана, тұлғалық даму және бос уақытты тиімді өткізу бағыттарынан тұрады.
