Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАСТАР ОТАНҒА

Партия филиалы жанындағы "Jas Otan" жастар қанатының төрайымы М.Сарыпбекованың ұйымдастыруымен, "ЖАСТАР ОТАНҒА" партиялық жобасы аясында, "Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде" тақырыбында, қала жастары арасында онлайн пікірсайыс өтті.

Жастардың бір тобы - Еліміздің болашаққа, жаңа өркениетке жетуі үшін қазақ тілін меңгерумен қатар, халықаралық тілдерді білу маңызды- десе, енді бірі - өзге халықаралық тілдердің рөлін арттырған сайын, мемлекеттік тілдің мәртебесі төмендей түседі - дегенді алға тартты.

Еске сала кетейік, Президент Қ.Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында:

- Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек - деген болатын.

Еще по теме

ЖАСТАР ОТАНҒА - Yvision.kz