Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАСТАР – КЕМЕЛ ЕЛДІҢ КЕЛЕШЕГІ

ЖАСТАР – КЕМЕЛ ЕЛДІҢ КЕЛЕШЕГІ

«Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Түркістанда «Jas Otan» белсенділерімен кездесті. Оларға партияның үгіт-насихат жұмыстарына атсалысқандары үшін алғысын айтты.

«Алда жасотандықтар партия белсенділерімен бірге 6 миллиондай үгіт-насихат материалдарын таратумен айналысады. Тек алғашқы бірнеше күннің ішінде 1,3 млн. постер мен брошюралар үлестірілді.

⠀

Өздеріңізге мәлім, жуырда Елбасы, «Nur Otan» партиясының Лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен партияның жастар қанатының V Съезі өтті. Онда таяудағы 5 жылға арналған нақты нысаналы көрсеткіштері бар «Jastar Otanga» бағдарламасы қабылданды.

⠀

Қашанда жастар – кез-келген елдің болашағы. Сондықтан да олардың өз қабілеттерін іске асыруларына жағдай жасау, сапалы білім алуына жол ашу, бос уақыттарын тиімді өткізіп, жұмыспен қамту мәселелері – «Nur Otan» партиясы үшін әрдайым басымдықта.

⠀

Сонымен, қажеттілігі басым мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында білім алу үшін гранттар санын 50%-ке көбейту, студенттер стипендиясын 2 есе, магистранттар мен докторанттардікін - 1,5 есе көтеріп, колледждер мен университеттер жатақханаларында жаңадан кемінде 50 мың орын енгізу көзделуде.

⠀

Сондай-ақ, жылына орташа алғанда 5 мың адамды қамти отырып, «Алғашқы жұмыс орын» жобасы іске қосылады. Жас кәсіпкерлерге бизнес-идеяларын жүзеге асыру үшін жылына 10 мың грант беріледі.

⠀

Ауылдық жерлерде спорт нысандары мен алаңдарын, 450 мыңнан астам жасты қамтитын заманауи демалыс орындарын салу жоспарланған.

⠀

Бәріміз бірлесе отырып алға қойған барлық міндетті іске асыратынымызға сенімдімін» деді Бауыржан Қыдырғалиұлы өз сөзінде.

⠀

#BizBirgemiz #JeńimpazBol

0
0
191

Еще по теме

ЖАСТАР – КЕМЕЛ ЕЛДІҢ КЕЛЕШЕГІ - Yvision.kz