Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ЖАСТАР БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ»

Бүгін жастар ұйымының қолдауымен Жаскешу ауылдық мәдениет клубында «Жастар біздің болашағымыз» атты тақырыбында флешмоб ұйымдастырылды. Біздің ертеңгі күніміздің болашағы - жастар екенін білеміз. Олар біздің ертеңімізді жалғастыратын, алға қарай қарыштап, жылжып, жоспар - істерімізді одан ары дамытып, елге танытатын ұрпақ. Сол себепті, жастарды ертерек еңбексүйгіштікке, еңбекті құрметтеуге және « Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей»,- деп Абай атамыз айтқандай, еңбек қана ер атандыратынын ұқтырып, тәрбиелеу - маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Мектеп қабырғасынан кейін дұрыс мамандық таңдап, арнайы оқуға түсіп, тамамдағаннан кейін адал және шын ниетпен жұмыс істеу, еңбек тәртібін сақтау, жүктелген міндеттерді және орындаған жұмысты жауапкершілікпен атқару, істеген жұмысының сапасын арттыру, жаңашылдыққа, алға ұмтылып, жаңа технологияларды орнымен пайдалана білу - жастарымыздың негізгі міндеті болып саналатынын, олардың санасына құя беру - біздің міндетіміз.

0
0
160

Еще по теме

«ЖАСТАР БІЗДІҢ БОЛАШАҒЫМЫЗ» - Yvision.kz