ЖАСТАРҒА ҚОЛДАУ КҮШЕЙЕДІ
"Nur Otan" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне үміткер Абасов Қайнар Бегалыұлы, Түркістан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткер Тұрысбеков Мағауия Сексенбайұлы, Созақ аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Байғараев Бегімбет Биімбетұлы, Әлжанов Ролан Ізбасарұлы, Баймұсаев Бақдаулет Құрмашұлы, Төлепбергенұлы Олжас аудан жастарымен кездесу жиынын өткізді. Жуырда жаңадан пайдалануға берілген "Жастар орталығында" өткен кездесу барысында Қайнар Бегалыұлы "Nur Otan"партиясының алдағы сайлау кезеңінде алға қойып отырған мақсаттары мен міндеттері туралы жан-жақты баяндады, өз кезегінде Мағауия Сексенбайұлы Созақ ауданы бойынша алдағы сайлауалды кезеңде жастарға үлкен қолдау жасалатынын айтып өтті. Әсіресе, өз кәсібін бастағысы келетін белсенді жастарды қолдауға үлкен мән берілетіндігіне кеңінен тоқталды. Жастар тарапынан сұрақтар, тың ұсыныстар, пікірлер айтылды. Олардың жұмыспен қамтылуы, қоғамдық белсенділігінің артуы жайындағы мәселелерге көңіл бөлінетіндігіндігі сөз етілді. Емен-жарқын, ашық диалог форматында өткен кездесу көптеген көкейтесті мәселелерді қаузады деуге болады. Өз кезегінде жастар алдағы сайлауда "Nur Otan" партиясы сайлаушылардың едәуір дауысын алатынына сенім мол екендігін жеткізді.
