ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН АУДАН
Нұра ауданы мәслихат депутатығына үміткерлер Д.Т.Алшинбаев пен С.Е. Наурызбай Қарой ауылының жастарымен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді. Кездесудің мақсаты Нұра ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру. Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының аудан дамуының жеті басымдығы туралы айтты.
Данияр Төлеутайұлы "Nur Otan" партиясы жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтетіндігі және "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша ауданға жас маманды тарту жалғасатындығын, «Жасыл Ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жазғы кезеңде 40 жасты жұмысқа орналастырылатындығы туралы айтты.
Өз кезегінде Самат Ерланұлы өз ісін ашуға және бизнес жүргізуге несие алуға жастарға барынша қолдау болатындығын айтты..
Кездесу соңында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді, сондай-ақ, оларды азаматтық белсенділік танытып, 2021 жылдың 10 қаңтарында мақсаты еліміздің дамуы мен гүлденуі болып табылатын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

