Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында қаланы дамытудың 7 басым бағыттары негіз етіп айқындалған.

Атап айтар болсақ, «Экономикалық тұрақты аймақ», «Ыңғайлы аймақ», «Әлеуметтік қызметке бағдарланған аймақ», «Жастарға арналған аймақ», «Тарих пен мәдениетті дамыту», «Ашық және есеп беретін жергілікті органдар», «Қауіпсіз аймақ».

Тұрғындарды мазалайтын дәл осы мәселелер партияның басты басымдығы ретінде айқындалып отыр. Алдағы уақытта бұл бағытта ауқымды жұмыстар атқарылатын болады.

Біз әлеуметтік желідегі алдыңғы жазбаларымызда «Экономикалық тұрақты аймақ» , «Жайлы қала», «Әлеуметтік қызметке бағдарланған аймақ» туралы айтып өттік. Бүгінгі жазбамыз «Жастарға арналған қала» басымдығына арналып отыр.

Жастар – мемлекеттің болашағы. Кентау қаласы мен қалаға қарасты ауылдарда 50 мыңнан астам жастар бар. Оларға Жастар ресурстық орталығы қызмет көрсетеді. Ағымдағы жылдың сәуірінде жастарға арналған «Жастар саябағы» күрделі жөндеуден өткізіліп, пайдалануға беріледі.

«Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарға жан-жақты қолдау көрсетуді күшейтеді. 2025 жылға қарай мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, шағын және орта кәсіпкерлікке тарту, жастарды ауылдық жерлерде тұрақтандыру, жастардың шығармашылық тұрғыдан өзін-өзі дамытуына және әлеуетін арттыруға жағдай жасайды. Жастар ресурстық орталығы негізінде құрылған 200-ден аса мектеп оқушылары мен студенттерді қамтитын «Birgemiz» атты еріктілер клубы жұмыс жасауда.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:

- «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 50 жас маманды ауылға тұрақтандыру үшін жағдай (тұрғын үй беру, көтерме жәрдемақы беру) жасайды;

- қаладағы шаруа қожалықтары және ұйымдарымен меморандумдар жасау арқылы тіркеудегі жұмыссыз жастардың жұмыспен қамтылуына жәрдемдеседі;

- «Жас кәсіпкер» жастар бизнес бастамаларының бағдарламаларын іске асыруға және жыл сайын кемінде 10 грант бере отырып, жастардың өз бизнесін ашуына жәрдемдеседі;

- барлық ауылдық округтерде 2 волонтерлік клуб құру арқылы волонтерлік қозғалысты дамытуды қолдайды.

Нәтижесінде «Дипломмен ауылға», «Жасыл ел», «Жас маман», «Жастар тәжірибесі», «Бизнес-бастау», «Серпін» бағдарламалары жүзеге асып, жастардың рухани, адамгершілік, азаматтық және денешынықтыру мәдениеті көтеріледі, еліміздің стратегиялық бағытының қозғалтқышына айналады.

0
0
140

Еще по теме

ЖАСТАРҒА АРНАЛҒАН ҚАЛА - Yvision.kz