Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАС СУРЕТШІЛЕР ОНЛАЙН ФОРМАТТА СУРЕТ САЛДЫ

«Серпін. Шалқар +Жастар» бастауыш партия ұйымының жастары Азаматтық қорғау органдарына 25 жыл толуына орай облыстық төтенше жағдайлар департаментінің "Құтқарушыға 25 жыл" тақырыбында ұйымдастырылып өткізілген онлайн сурет байқауына оқушылар дайындап қатыстырды. Қазіргі коронавирустық инфекция қаупі туындап тұрған кезеңде жас ұрпақты оқыс жағдайлардан сақтандыру, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда өз-өздерін қалай ұстауды, сақтық шараларын сақтау туралы таныстырып түсіндіру мақсатында онлайн форматта оқушылармен түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып БПҰ-да болып оқушыларға құтқарушылар қызметінің өзіндік ерекшеліктері мен сан қыры туралы таныстыра байқау нәтижесі бойынша үздік жұмысымен дараланған төрт оқушыға облыстық төтенше жағдайлар департаментінің, екі оқушыға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің «Алғыс хаттарын» табыс етті. Оқушыларға оқуда озат, өнерде мол табысқа жете берулеріне тілектерін білдірді.

М.Б.Нашанова

«Серпін. Шалқар + Жастар» БПҰ

0
0
126

Еще по теме

ЖАС СУРЕТШІЛЕР ОНЛАЙН ФОРМАТТА СУРЕТ САЛДЫ - Yvision.kz