Жас спортшылармен кездесу
“Nur Otan” партиясы Төлеби аудандық филиалының ұйымдастыруымен желілік кестесіне сәйкес аудандық мәслихат депутаты, фракция мүшесі Н.Клушев жас спортшылармен кездесу өткізді. Кездесудің негізгі мақсаты: ауданданымызда дене шынықтыру, бұқаралық спортты дамыту мен ұлт денсаулығын жақсарту турасында болды. Өз кезегінде: әр түрлі жастағы азаматтар мен азаматшалардың физикалық белсенділігін арттыру, халықтың бұқаралық спортқа деген қызығушылығын арттыру алдымыздағы маңызды міндеттердің бірқатары екендігін атап өтті. Аталған шара соңында жас спортшылар мен жергілікті спорт өкілдері өз ұсыныстарын білдіріп, ой-пікірлерімен бөлісті.

