Жас Отбасы
Мұндай отбасында өмір сүру - әр адам өз күш-жігерін жұмсауына байланысты. Өйткені, бұл бірлікті қажет ететін, әртүрлі адамдар, ұрпақтар, көзқарастар мен ілімдер арасындағы жеке қарым-қатынас. Сол себепті «Жас отбасы» жобасы - ұрпақтар арасындағы жылы қарым-қатынастардың көрінісі. «Үздік жас отбасы - 2018» - бұл әлеуметтік видеороликтер байқауы, жас отбасылардың бірігіп, өздерінің шығармашылық жұмыстарын жалпы xалықпен бөлісуге арналған керемет мүмкіндік! ____ Байқауға қатысу үшін биодағы сілтеме бойынша электрондық анкетаны толтырып, тіркелу және авторлық видеожұмысты [email protected] поштасына жіберу қажет. Байқауға 35 жасқа дейінгі ерлі-зайыпты жұптар қатыса алады.
Видео ұзақтығы: 1-3 минут. Жұмыстар 3 тамызға дейін қабылданады. Конкурсқа қатысу үшін әр категория бойынша алғашқы бестік жұмыс қарастырылады. «Отбасылық құндылықтар» 3 категорияға бөлінеді:
1. Ері мен әйелі; 2. Ата-ана мен бала; 3. Ұрпақтар байлынысы.
Маңызды: Байқауға ұсынылған барлық жұмыстарда авторлық және бірлескен авторлық құқық қатысушыларға тиесілі болғанымен қатысушылар жұмыстарды коммерциялық мақсаттарда пайдалана алмайды. Байқауға қатысу үшін жұмыс жасалып, ұсынылғаннан кейін қатысушылар ұйымдастырушыны өздерінің шығармаларын қосуға, кез-келген түрде және модификациялау мүмкіндігімен жариялауға шексіз құқығын береді. ____ Конкурстың қорытындысы бойынша қазылар алқасы бағалы сыйлықтармен марапатталатын 3 жеңімпазды таңдайды. 2018 жылдың 5 тамызында «Smart Point» шығармашылық кеңістігінде Үздік жұмыстар көрсетіліп, демеушілер мен серіктестердің сыйлықтары және басқа да құнды сыйлықтармен марапатталады. Конкурсқа қатысу сіздерге көптеген жағымды эмоциялар мен керемет көңіл-күй сыйлайды. Жеңімпаз болу мүмкіндігін жіберіп алмаңыз!
