ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ
Мәртөк аудандық мәслихат депутаттығына үміткер ZOOM бағдарламасы арқылы эфирде Мәртөктіктерге аудандық сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын түсіндірді. Партиялық тізімдегі депутаттыққа үміткер жас - Рустем Еримбетов аудан көлемінде жастардың қатысуымен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Жастар Еліміздің болашағы! «Nur Otan» партиясы Мәртөк аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасында партия тарапынан жастарды қолдау мақсатында алдағы бесжылдықта атқарылатын жұмыстардың барлығы нақты көрсетілген – деді Рустем Еримбетов.
