Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ....

Бүгін «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының Сайлауалды штабында ҚР Паламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткер Бақытжанова Мөлдір Бақытжанқызы ауданның зиялы қауымымен экспромт-кездесу өткізді.

Үміткер кездесу барысында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын кеңінен таныстырып, партия көшбасшысы, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың кемел саясаты жайлы, Партияның елді көркейту, өзекті мәселелерді шешу бойынша ​ жасап жатқан жұмыстар жайлы айтып өтті.

«Көшбасшы партиямыздың сайлау додасының алдында праймериз өткізіп, партияның нағыз іскер де белсенді мүшелеріне, соның ішінде 30 пайыз әйел азаматтарға, 20 пайыз жастарға мол мүмкіндік беруі Елбасымыздың көрегендігі деп білуіміз керек» – деді ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа үміткер Мөлдір Бақытжанқызы.

Кездесу соңында елімізді өз өнерімен шет елдерге танытып жүрген, үкілі үміт арқалаған жас кандидатқа ауданның зиялы қауымы ақ батасын беріп, ісіне сәттілік тіледі.

Еще по теме

ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ.... - Yvision.kz