Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАС КАНДИДАТ ТУҒАН ӨҢІРІНЕ АТ БАСЫН БҰРДЫ.

Ия, туған жердің топырағы қашанда ыстық.

Бүгін «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Әбдімәлік Мұхтар ​ Амангелдіұлы аудан орталығынан шалғай жатқан туған өңірі Жамбыл ауылдық округіндегі ауылдарында болып, «Есіктен-есікке» акциясы аясында тұрғындармен кездесіп, елге танымал азаматтардың үйінде болып, дастархан басында партияны қайта жаңғырту ​ бойынша ​ атқарылып жатқан жұмыстарды ​ жеткізіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының 7 бағытын егжей-тегжейлі түсіндірді. Сонымен қатар,

Таза ауыз сумен қамтамасыз ету бағытында

Қазіргі таңда Келес ауданында 48 елді мекен таза ауыз сумен қамтамасыз етілген (елді мекенге шаққанда 60,7%, халық санына шаққанда 69,9%). Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 1093,9 шақырымды құрайтынын,

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы қамтамасыз етеді:

2021 жылы 7 елді мекенді (Жамбыл а/о: Бекбота, Ащыкөл, Қалғансыр елді мекендері, Ақтөбе а/о: Бозсу елді мекені, Біртілек а/о: Біртілек, Амангелді елді мекендері және Бірлік а/о: Бірлік елді мекені);

Нәтижесінде аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтамасыз ету деңгейі 95,2%-ға жететінін айтып өтті.

Табиғи газбен қамтамасыз ету бағытында:

Ауданның 83 елді мекенінен 38 елді мекен табиғи газбен қамтылған (елді мекенге шаққанда 47,5%, халық санына шаққанда 71,2%). Болашақта 13 елді мекенді немесе 63,7% табиғи газбен қамтамасыз ету жоспарлануда екенін,

Бұл үшін «Nur Otan»партиясы:

2021 жылға дейін «Абай» АГРС құрылыс-монтаж жұмыстарының құрылысын салуды қамтамасыз етуге;

2025 жылы 10 елді мекеннің (Ұшқын а/о: Достық, Бірлік а/о: Коммунизм, Құрөзек, Бозай а/о: Бозай, Тентексай, Жамбыл а/о: Бекбота, Байғабыл, Ащыкөл, Майдабозай, Қалғансыр) құрылысын салуға ықпал етеді.

Нәтижесінде 2025 жылға қарай ауданның 46,8 мың тұрғындары табиғи газбен қамтамасыз етіліп, жалпы көрсеткіш 98,8%-ға жететінін жеткізді.

Ауыл қариялары «жас келсе іске» десіп кандидат М.Әбдімәлікке ​ алдағы сайлауда сәттілік тілеп, халықтың қолдауына ие болған «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндерін айтып, аталық ақ баталарын берді.

0
0
257

Еще по теме

ЖАС КАНДИДАТ ТУҒАН ӨҢІРІНЕ АТ БАСЫН БҰРДЫ. - Yvision.kz