ЖАС КӘСІПКЕР ІС БАСТАУДЫҢ ҚЫР-СЫРЫН ӘЙЕЛДЕРГЕ ТЕГІН ҮЙРЕТПЕК
Жас кәсіпкер Бақыт Молдагереева бейнеконференция арқылы өзі сияқты іскер әйелдерге, заң орындаушысына «Бақытты отбасы» жобасының мүмкіндіктерін түсіндірді. «Көп балалы және жалғызбасты аналарға көмек бергіміз келеді. Оларға ақша табудың жолын көрсетіп, іс бастаудың тетіктерін үйретеміз. Біздің қауымдастық бұған дейін де ауылдағы әйелдерге кәсіп бастауға көмек беріп жүрді. Келесі жылы нақты бір ғимараттың ішінде әйелдер күн сайын білім алатындай етіп жасауға ниеттіміз. Бұл жоспарымыз «Бақытты отбасы» жобасымен тығыз байланысты», - деді кәсіпкер Бақыт Молдагереева. Оның сөзінше, әлеуметтік әлсіз топтағы әйелдерге арналған жоба тегін болмақ. Сондай-ақ, тұрақты жұмыс орындарын ашуға жағдай жасалады.

