ЖАС ДЕПУТАТТАР ӨЗДЕРІНІҢ КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ДАҒДЫЛАРЫН ЖЕТІЛДІРДІ
Бүгін Торайғыров университетінде «Nur Otan» партиясының және жергілікті өкілді органдардың саяси басшылары үшін тиімді коммуникациялар бойынша семинар басталды. ⠀ Курс аясында қатысушылар көпшілік алдында сөз сөйлеу, саяси этика мәселелерінің толық циклін қарастырды. Жеке брендке және беделді басқаруға, әртүрлі мақсатты аудиториялармен байланыс орнатуға егжей-тегжейлі тоқталды. Пікірлердің қалай қалыптасатынын, ақпараттық шабуылдарға қалай қарсы тұруға болатындығын және т. б. білді. ⠀ - Сіздер әрқашан өздеріңіз үшін негізгі басымдықтарды, бағыттарды анықтауды үйренулеріңіз керек. Халық сіздерге өз дауыстарын берді. Сондықтан соған сәйкес болып, құзыреттілік деңгейді үнемі арттыру қажет, - деп атап өтті «Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко. ⠀ Сондай-ақ, сарапшылар Павлодар облысының металлургия және мұнай-газ саласын дамытудың трендтері мен перспективалары туралы айтып берді. ⠀ - Павлодарда тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған семинар барысында қала, аудандардан келген жас депутаттар мен праймеризге қатысушыларға ораторлық өнер, халықпен тіл табысу, әлеуметтік желіде жұмыс істеу бағыттары бойынша жол көрсетілді. Сондай-ақ мемлекеттік бағдарламаларды талдап, бюджеттік жүйе жайлы білім берілді, - деп праймеризге қатысушы Санира Жүсіпова өз ойымен бөлісті. ⠀ Семинар соңында Торайғыров унверситетінің ректоры Мейрам Бегентаев 30 қатысушыға сертификат табыстап, алған білімдерін ел игілігіне пайдалануға тілектестік білдірді.
