ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА
Өңірлік «ЕРТІС» КВН Лигасының қорытынды ширек финалы өтті. Ойын 2016 жылғы 28 мамырда, Естай атындағы МС өтті. Ойынның жалпы тақырыбы – «Жаз жақындап қалды!». Командалар екі конкурста сайысты: «Сәлемдесу» және «Вайн (Vine)». Ойын төрешілері:- өңірлік «Ертіс» КВН Лигасының чемпионы, Өңіраралық «Астана» КВН Лигасының және Өңірлік Омск КВН Лигасының қола жүлдегері - Алина Гайнетдинова, өңірлік «Ертіс» КВН Лигасының чемпионы, Өңірлік Омск КВН Лигасының Вице чемпионы, «Астана» КВН Лигасының қола жүлдегері, Орталық «Сибирь» КВН Лигасының вице чемпионы, өңірлік «Ертіс» КВН Лигасының Редакторы – Азамат Курманбаев, өңірлік «Ертіс» КВН Лигасының чемпионы, «Астана» КВН лигасының чемпионы, «Астана.КЗ» КВН командасының қатысушысы, Өңірлік «Ертіс» КВН лигасының редакторы – Стас Климантов.

Екі ойынның қорытындылары бойынша 2016 жылдың күзінде өтетін өңірлік «Ертіс» КВН Лигасы жартылай финалына келесі командалар жолдама алды:
Ақмола облысының «Сборная Коргалжын» командасы;
Қарағанды қаласының «Сборная Людей» ҚарМУ командасы;
Петропавловск қаласының «7 up» СКГУ командасы;
Өскемендік «Молодежный формат», «Килограмм добра» командалары;
Екібастұздың «Горячие пирожки» командасы;

Павлодар қаласының «Акцент», «Угол Круга», «Сборная Успенки», «КВМ» командалары;
Өңірлік «Ертіс-Премьер» КВН Лигасының жартылай финалына жолдама алғандар:
«D&D» с.Торайғыроа атындағы ПМУ, Павлодар;
«PRO-ГРЭС» Екібастұз ГРЭС-2 станциясы, Екібастұз;
«Четверка» Б. Ахметов атындағы ППК, Павлодар;
«БРАВО» «Жас Ұлан» Республикалық мектебінің құрама командасы, школы, Астана;
Павлодар қаласының «Люди со связями», «Легион», «Без титула» КВН командалары.

Ақпаратты ұсынған:
Павлодар облысы Жастар саясаты
мәселелері жөніндегі басқармасы
