ЖАРКЕМЕР АУЫЛЫ ТАЗА АУЫЗ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ
Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Алишев Қазбек "Nur Оtan" партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндіру мақсатында Батпақкөл а/о Жаркемер ауылы тұрғындарымен онлайн форматта кездесу өткізді. Кандидаттың айтуынша бүгінгі таңда аудандағы 37 елді мекеннің 16 сы орталықтандырылған ауыз су жүйесімен аудан халқының 91,3 (61,4 мың адам) қамтамасыз етілген. "Nur Otan" партиясы 2025 жылға қарай аудан тұрғындарының сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылдардың жартысынан көбін газбен қамтамасыз ету мәселесін толығымен шешуді жоспарлап отыр. Жаркемер ауылының халқын 2021 жылы сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жоспарда бар.

