"ЖАНКЕНТ" ПАРТИЯЛЫҚ ТОБЫНЫҢ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін Жанкент партиялық тобының мүшелерімен білім саласы бойынша кездесу өткізілді. Кездесу барысында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Еркебаев ұстаз бен оқушының ата-анасы арысында тығыз қарым-қатынас орын алу керектігін және ата-аналар алдында мейлінше қарапыйдылық танытуларын сұрады. Сонымен қатар, "Жанкент" партиялық тобының жетекшісі Н.Қуанышбекова Жанкент ЖОМ биылғы 2020-2021 ж оқу жылы барысында 560 оқушының тәлім-тәрбие алып, оларға 60 ұстаз білім беріп жатқандығын айтып өтті. Одан бөлек еліміздегі ахуалға байланысты отбасылық жағынан аз қамтамасыз етілген отбасылардың оқушыларының онлайн білім алуына ноутбек және компьютерлермен қамтамасыз етілгенін айтты. Жиын соңында аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қуатбек Сағымбекұлы "Жанкент" партиялық тобының мүшелеріне білім беру жолында аянбай еңбек етулеріне сәттілік тіледі.
