ЖАНАРЫС ТІГІН ЦЕХЫНЫҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін«Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық сайлауалды штабының мүшелері, облыстық, қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тарас Айтөреұлы, Гүлназ Бөлекбаева, Бауыржан Бердібайұлы "Жанарыс" тігін фабрикасы ұжымымен кездесті.
Ұжымға «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Қаланы дамытудың 7 басым бағытын өзінің сайлауалды бағдарламасында айқындады. Оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау. Ауыл шаруашылығын және өңдеу өнеркәсібін дамыту, кәсіпкерлерге қолдау, жолдардың сапасын жақсарту, халықтың тұрмыстық жағдайын көтеру, тұрғын үйге қолжетімділік, медициналық қызмет көрсету мен білім саласын ілгерілету, тең мүмкіндіктер қоғамы, бұқаралық спортты дамыту бағытында мүдделі жұмыстары бар.
Үміткерлерлер ұжым мүшелерін жауапты кезең болып саналатын сайлау науқанына ұйымшылдықпен қатысуға шақырды. Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесуде қызметкерлердің ой-пікірлері тыңдалып, сауалдарын аманат ретінде құзіретті мекемелерге жолдайтындығын жеткізді.
Тігіншілердің тігін машинасы жанында ұзақ уақыт отыратындығын ескеріп, еңбек ұжымы басшылығы сергіту сәтін ұйымдастырып келеді екен. Осы сәтті пайдаланып, үміткерлер де ұжыммен бірге жаттығу жасады.
#NurOtan
#zhanaozen
