Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАНАР БЕКТАЕВА - «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ.

Мемлекеттік Қ.А.Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінде саясатанушы, саясатану оқытушысы және саясаттану магистрі ретінде білім алған. Одан соң Алматы экономика және статистика академиясында «экономика» саласын меңгереді.

Алғашқы еңбек жолын Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ –нің Шымкент институтының «Саясаттану» кафедрасында оқытушы болып бастаған. 2006-2016 жылдары ОҚО ішкі саясат департаментінің талдау және мониторинг бөлімінде бас маман, ақпараттық саясат және БАҚ мониторинг бөлімінде жетекші маман, бас маман, бөлім басшысы, ОҚО ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары, ОҚО әкімі аппаратының жалпы бөлімінде бас инспектор, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы болып абыройлы қызмет атқарған. «Қазақстан халқы Ассамблеясына – 25 жыл» және «Қазақстан Республикасының Конституциясына – 25 жыл» мерекелік медалдерімен марапатталған.

0
0
734

Еще по теме