Жамбыл Жабаев 175
Жыр алыбы, ұлы ақын, жырау, жыршы Жамбыл Жабаевтың туғанына 175 жыл толды.
Ол жасынан өлең-жырға қанып өскен. «Менің пірім - Сүйінбай...» деп Жамбылдың өзі жырға қосқандай, Сүйінбай Аронұлы сияқты жыр даңғылынан тәлім-тәрбие алған. Оның үздік шығармалары 40-тан астам шет елдер тілдеріне аударылды. Ұлы жырау қазақ халқын, оның поэзиясын бүкіл әлемге жария етті.
Жамбылдың есімі Қазақстанның бір облысына, бірнеше аудандарға, бірқатар елді мекендерге, мекемелер мен оқу орындарына, өнер ордаларына, мектептерге, көшелерге берілген.
Сөз мәйегін кие тұтқан абыз жыраудың шығармашылығын, рухани бай мұрасын насихаттау баршамыздың парызымыз.
Пост с фб https://www.facebook.com/nurotan.qaragandyoblysy.5/posts/204618101401742

