Перейти к содержимому

Жамбыл облысында ер адам ішінде 1,5 млн теңгесі бар қымбат көлікті ұрлап әкеткен

Полиция қызметкерлері Жуалы ауданы шаруа қожалықтарының бірінің ауласында тұрған Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін айдап әкетіп, ішінен 1 500 000 теңге ақшасын ұрлаған ер адамды ұстады. 

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. 

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көлікті Тараз қаласынан тапты.

34 жастағы күдікті ақшаны алып, көлікті ықшамаудандардың бірінің ауласына қалдырып кеткен. Ал қаражатты жеке басының қажеттілігі үшін жаратып үлгерген.

Polisia.kz

0
0
630

Еще по теме

Жамбыл облысында ер адам ішінде 1,5 млн теңгесі бар қымбат көлікті ұрлап әкеткен - Yvision.kz