ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ ҮШІН ДАУЫС БЕРМЕК
📷Бүгінгі қоғам үшін ұлтын сүйер ұлтжанды ұрпақты тәрбиелеу – аса маңызды. Халқының өткен тарихын, бабалардың басынан кешірген тар жол тайғақ кешуін ұғынып, бүгінгі бейбіт күннің қадір-қасиетін шын сезіне білген жас қана кемел келешектің тұтқасына айналады. Өскелең өрендер бойына патриоттық тәрбиені молынан сіңіру мақсатында бірқатар игі бастамаларды жүзеге асырып жүрген «Жастар рухы» ЖҚ-ның ұлытаулық көшбасшысы Нұргүл Талғатбекова, сондай-ақ, халықтық коалицияның өкілдері, Әзімбек Рахметов, Әлия Өксікбаева, Дарын Жылгелді жезқазғандық жалынды жастармен жүздесті.
📷20 қарашада өтетін сайлауға белсене қатысып, ел Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдауға шақырған жиында «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» деп аталатын сайлауалды бағдарламасының басым бағыттарын кеңінен түсіндірілді.
📷–Жастарға жан-жақты қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Еңбекпен қамтитын түрлі шаралар арқылы 3,3 миллион азаматқа, оның ішінде 2,3 миллион жасқа жұмыс берілмекші. Жастардың кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсетіле бермек. Оларға жеңілдетілген тәртіппен жылдық өсімі 2,5 пайыз болатын шағын несие беріледі», - дегенді алға тартқан спикерлер аталған игіліктерге кез келген жас қол жеткізе алатынын да айтты.
📷–Қасым-Жомарт Тоқаев әділеттілік жолын таңдағанын білесіздер. Енді біздің елде монополиялар жойылып, табыстың әділ бөлінуі қамтамасыз етіледі. Бұл дегеніміз әділетті қоғамда таныс-тамырлыққа, бармақ басты мен көз қыстыға орын берілмейді. Сіздер қалаған игілікке кез келген уақытта, ешкімнің көмегінсізие бола аласыздар, – деді Әзімбек Әбунасіфұлы.
📷Сайлауалды бағдарламада қаузалған әр міндетті қуана қабылдаған жастар ертеңі жарқын боларына нық сенімде кеніндерін тілге тиек етіп, Тоқаевты қолдауға ниетті екеніндерін ашық айтты.
#Toqaev2022
