ЖАДЫНАМА
ПАРА БЕРУГЕ ҰСЫНЫС НЕМЕСЕ ПАРА БЕРУГЕ МӘЖБҮРЛЕУ КЕЗІНДЕГІ СІЗДІҢ ІС-ӘРЕКЕТІҢІЗ....
▪ бас тарту және парақорлық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылатындығы туралы ескерту;
▪ егер пара алушы талап етуді жалғастырса, өзінді абайлап, сыпайы түрде ұстау керек, жалпақтамай, пара берушіге (пара беруге мәжбүрлеушімен) пара беруге немесе пара қабылдаудан (беруден) үзілді-кесілді бас тарту деп түсіндірілуі мүмкін асығыс пікір айтуға жол бермеу керек;
▪ Сізге ұсынылған шарттарды (сомалардың мөлшерін, тауарлардың атауын және қызметтердің сипатын, параны беру мерзімдері мен тәсілдерін, сатып алу нысаны, мәселелерді шешу ретін) зейінмен тыңдап және дәл еске сақтап алу қажет;
▪ параны беру уақыты мен орны туралы мәселені келесі кездесуге қалдыруға тырысып, Сізге жақсы таныс орынды ұсыну қажет;
▪ әңгіме барысында бастаманы өзіңізге алмаңыз, көбірек «қабылдауға жұмыс істеңіз», ықтимал пара алушыға (пара берушіге) «еркін сөйлеуге», Сізге мүмкіндігінше көбірек ақпарат беруге мүмкіндік беріңіз;
▪ Сізде диктофон болған жағдайда пара алушы немесе пара беруге мәжбүрлеушінің пара беру туралы ұсынысын жазып (жасырын) алуға тырысыңыз.
ПАРА БЕРУ НЕМЕСЕ ПАРА БЕРУГЕ МӘЖБҮРЛЕУ ФАКТІСІНЕН КЕЙІН СІЗГЕ БІРДЕН НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Осы факт туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке хабарлау (call center 1424, жазбаша, онлайн және т.б. арқылы). Сонымен қатар, құқық қорғау және арнайы органдардың қызметкерлері тарапынан болған парақорлық жағдайларда Сіз тікелей осы органдардың өз қауіпсіздік бөлімшелеріне жүгіне аласыз.
