ЖАҚСЫЛЫҚ ШЫҒАР АЛДЫҢНАН
Бұдан екі жылдай бұрын "Жақсылық жаса халқыңа, Қайырымы қайтар Алладан" деген қайырымдылық акциясын жасап жаңаөзендік 10 отбасының шағын бизнес бастап кетуіне көмек берген едім...
Жуырда Жаңаөзенге партиялық сайлауалды насихатпен барған кезде кесте бойынша Әбішова Өтебике есімді азаматтың тігін цехына кіріп шығуымыз керек болды.
Ойымда ештеңе жоқ "ассалаумағалейкүм" деп кіріп барсам... Көзіме оттай басылды. О кісі де тұрған жерінде сілейіп қалды.
Бұл сол 10 азаматтың бірі боп шықты. Содан мәре-сәре, қарындасым мені көріп мәз. "Бұндай да тосын кездесу болады екен-ау" деп мен мәз.
"Аға" деді Өтебике қарындасым. "Балық емес, қармақ бердім, енді күндеріңді көріңдер деп едіңіз. Сол тілек, сол бата, сол тапсырмаңызды орындап жатырмыз. Шүкірміз. Әуелі Алла, Үкіметке рахмет, Сізге рахмет! Жақсылығыңыз дәл осылай алдыңыздан шыға берсін, аға" деп мәз болып жатыр.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!!!
#NurOtan
#Сапарбаян
#СаматМусабаев
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

