Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАННЫҢ ТЫНЫСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СӨЗ САЙЫСЫ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен 2018 жылдың 3 шілдеде Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Жақсы сөз – жанның тынысы» атты мекемелер мен кәсіпорындар арасында облыстық сөз сайысы байқауы өткізілді.

Байқаудың мақсаты: қоғамның әр саласында қызмет етіп жүрген мамандарды ынталандыру, тілдерді жетік меңгерген қабілетті мамандарды анықтау және қолдау. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы мемлекеттік тілді меңгерген қызметкерлердің санын арттыру, қазақстандық патриотизмді дамыту, рухани құндылықтарымызды насихаттау.

Байқауға 9 топ қатысты. Байқау топтық түрде өтті және 4 бөлімнен тұрды.

I бөлім: «Мемлекеттік тіл – мемлекеттілік нышаны»;

II бөлім: «Бас қалам - Астанам» - жазбаша эссе жазу сайысы;

ІІІ бөлім: «Өнерлі – өрге жүзер»;

IҮ бөлім: «Мақал – сөздің мәйегі».

Байқауда М.Өтемісов атындағы БҚМУ профессоры А.С.Қыдыршаев төрағалық етіп, «Қоғамдық келісім» мекемесінің бөлім басшысы А.Н.Лежнина, Халық шығармашылығы орталығының Ақпарат, басылым және жарнама бөлімінің басшысы А.Ш.Орынғалиева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаментінің басқарма басшысы Б.М.Хайруллин, «Жас Отан» жастар қанатының БҚО филиалының менеджері Ж.Ә.Сұңғатов қазылар алқасының мүшесі ретінде үміткерлердің тіл біліктілігі, тіл мәдениетін, білімдері мен өнерлерін бағалады.

Байқау қорытындысы бойынша:

Бас жүлде БҚО Ішкі істер департаментінің «Парасатты полицей» тобына бұйырса, жүлделі бірінші орынды Зашаған әкімі аппаратының «Жайық серілері» тобы, екінші орынды Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің «Орда» тобы, үшінші орынды №4 Өрт сөндіру бөлімінің «Жалын» тобы иемденді.

0
0
845

Еще по теме

«ЖАҚСЫ СӨЗ – ЖАННЫҢ ТЫНЫСЫ» АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ СӨЗ САЙЫСЫ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ - Yvision.kz