Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАҒДАЙДЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕ ШАРАЛАР

Әлемдік коронавирустық пандемия біздің еліміздегі экономикалық

жағдайға кері әсер етті, сондықтан 2020 жылы мемлекет дағдарысқа қарсы

шаралар әзірледі.

Карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты аймақта келесі

әлеуметтік көмек көрсетілді:

* мәжбүрлі демалыстағы 66 332 қызметкерге 42,5 мың теңгеден

төленді;

*халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 48 220 адам азықтүлік

және тұрмыстық жиынтықтар үшін төлемдер алды;

*3 767 аз қамтылған отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілген;

* 6 жасқа дейінгі 4 838 балаға кепілдендірілген әлеуметтік

жиынтытар берілді;

*38 554 адамға 15 мың теңгеге коммуналдық шығыстар өтелді.

Елбасының бастамасымен өткен «Biz Birgemiz» акциясы аясында

«Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 10 мың астам отбасыға

азық-түлік жиынтықтырын жеткізді, 28 304 мұқтаж адам әрқайсысына

50 мың теңгеден алды.

Дағдарыс кезінде тұрақтылықты сақтау үшін шағын және орта

бизнес маңызды қолдау алды:

* 17 мың кәсіпкер салықтық жеңілдіктер алды, 147 кәсіпорын

мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде несиелерді төлеуді уақытша

тоқтатты;

* «Бизнестің жол картасы», «Қарапайым заттар экономикасы»,

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламалардың барлық құралдыры бойынша

655 кәсіпкер жалпы соммасы 123,5 млрд теңгеге қолдау тапты;

* 410 кәсіпорын субсидия түрінде мемлекеттік қолдау алды;

* шағын кәсіпкерлікті несиелеу көлемі 15 млрд астам теңгені құрады;

* төтенше жағдай кезінде несиелер бойынша айыппұлдар мен

өсімпұлдарды есептеуге мораторий енгізілді;

* зардап шеккен жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта

кәсіпорындардың кредиттері бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін

кейінге қалдыру енгізілді;

* төтенше жағдай және карантиндік шаралар кезінде барлық екінші

деңгейлі банктер мен қаржы институттарының жұмысы қамтамасыз етіледі.

0
0
130

Еще по теме

ЖАҒДАЙДЫ ТҰРАҚТАНДЫРУ ЖӨНІНДЕ ШАРАЛАР - Yvision.kz