Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАҢАДАН 25 СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНЫП, 16 СУ ҚОЙМАСЫ ЖАҢАРТЫЛАТЫН БОЛАДЫ

Бүгін 20 қарашада өтетін Президент сайлауына жалпыхалықтық коалиция ұсынған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Жетісай аудандық қоғамдық штаб мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары Мамырайым Шылмырзаев пен Асқар Қайназаров Абай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті. Басқосу барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, жоспарлары талқыланды. Қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.

Мәслихат депутаттары Қ.К.Кемелұлының сайлауалды бағдарламасында басымдық берілген салаларда, әсіресе, негізгі күн көрісі ауыл шаруашылығы саналатын аудан тұрғындары үшін агросектордың дамуы үлкен маңызға ие екендігін айтады.

Алдағы жылдан бастап ауыл тұрғындарына ауыл шаруашылығы техникаларын алуға жеңілдетілген лизинг беріп, қала нарығына шығуға көмек көрсету, аталмыш салада 350 мың жаңа жұмыс орнын құру, елді мекендерде 700 жаңа медициналық нысанын салу, 4 млн ауыл тұрғынына сапалы медициналық көмек көрсету мәселелерінің қолға алынатынын, сонымен қатар, 3,5 мың шақырымдық суару каналдары күрделі жөндеуден өтіп, 25 су қоймасын салу және 16 су қоймасын жаңарту жұмыстары жүргізілетіні айтылды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ауылдық жерлерді дамытудың тұжырымдамасы әзірленіп, ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуға 1 трлн теңге бөлінетін болады.

Жиын соңында жергілікті тұрғындар жалпыхалықтық коалиция атынан ұсынылған үміткерді қолдап, дауыс беретіндіктерін айтып тарқасты.

#Сайлау2022

#TOQAEV2022

0
0
174

Еще по теме

ЖАҢАДАН 25 СУ ҚОЙМАСЫ САЛЫНЫП, 16 СУ ҚОЙМАСЫ ЖАҢАРТЫЛАТЫН БОЛАДЫ - Yvision.kz