ЖАҢА ЖАҒДАЙДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН: ІС-ҚИМЫЛ КЕЗЕҢІ
Бүгін "Nur Otan" партиясы Түлкібас аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Еркебаев Қуатбек Сағымбекұлы "Facebook"әлеуметтік желіcінде тікелей эфирде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі атты тақырыбында Қазақстан халқына Жолдауына тоқталды. Мемлекет басшысы дағдарысты еңсеру арқылы әлеуметтік-экономикалық өркендеуіміздің 11 іс-қимыл жоспарын ұсынған. Онда мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, жаңа заман талаптарына сәйкес экономикалық даму, өнеркәсіп әлеуетін күшейту, ауылшаруашылығы саласын, көлік-логистика кешенін, шағын және орта бизнесті, қаржы секторын, өңірлік даму және қазақстандықтардың әлеуметтік жағдайын арттыру секілді бірқатар бастама көтерген. Сонымен қатар, Президент құжаттар бойынша еліміздегі кейбір мәселелерге қатысты заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы нақты тапсырмалар болатынын айтқан. Қ.К.Тоқаевтың Жолдауы Парламент мүшелері үшін де, жалпы қоғамның дамуы үшін де алдағы кезеңде атқарылуы тиіс жұмыстарға нақты бағыт-бағдар болатынына сенім білдіргендігін алға тартты.
