ЖАҢАӨЗЕН ЖҰРТЫМЕН КЕЗДЕСУ
Сайлауға 4 күн қалды!
Бүгінгі жұмыс күнім Жаңаөзен қаласында басталды. Қалалық Оқушылар шығармашылығы сарайында өткен жиынға елуден астам адам жиылды.
Жиынды қалалық партия филиалының сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Майлыбай Өтебаев ашып, жүргізіп отырды. Мәжіліске үміткер Оспан Қазақбаевтың сенімді өкілі Жаңбырбай Дәрменов, қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Тимур Мусаев, Батыржан Қорғанбаевтармен біргеNur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын түсіндірдік. Және Жаңаөзен қаласына қатысты нақты бағдарларды тілге тиек еттім.
Жаңаөзен халқын жұмыспен қамту, қалаға жаңа құрылыс, яғни тұрғын үй салу мәселелеріне арнайы тоқталдым.
Әлия Таубайқызы ауыз су мәселесін көтерді. "Жаз келсе Жаңаөзен қаласына су жетпейді. Осы мәселені партиямыз реттей ала ма" деп сұрақ қойды.
Жаңаөзендегі ауыз судың жайын жергілікті билік те, партия да егжей-тегжейлі біледі. Су жалпы Жаңаөзен ғана емес, тұтас Маңғыстауда үлкен мәселе ғой. Бұл мәселе кешеуілдей бермейді, партиямыздың бес жылдық бағдарламасына енген Жаңаөзенді ауыз сумен қамту үшін Кендірліден су тұщыту зауыты салынбақ. Тәулігіне 50 000 текше метр су беретін бұл зауыт қаланың су мәселесін толық реттейді.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
#NurOtan
#Сапарбаян
#СаматМусабаев
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

