Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының 2016 жылдың 21 қазандағы №14 жқ бұйрығымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы лауазымына Исақов Болат Әлмұханұлы тағайындалды.

Исақов Болат Әлмұханұлы 1968 жылы Жамбыл облысында туылған, 1991 жылы С.М.Киров атындағы мемлекеттік университетін «қолданбалы математика», 1999 жылы "Әділет" жоғары құқық мектебін заңгер мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1991 жылы «Тараз» өңірлік ішкі экономикалық тауарөндірушілер ассоцияциясының инженері  болып бастаған.

1993 - 1995 жылдары коммерциялық ұйымдарда қызмет атқарған.

1995-2000 жылдары ҚР Әділет Министрлігінің Жамбыл облыстық құқықтық ақпарат орталығының бас маманы болып істеген.

2000-2010 жылдары аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің Жамбыл облысы бойынша басқармасында бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі қызметтерін атқарған.

2010- 2013 жылдары Жамбыл облысы әкімі аппаратының басшысы лауазымында қызмет еткен.

2013-2014 жылдары - ҚР Мемлекеттік қызмет істері  агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы-Тәртіптік кеңестің төрағасы қызметін атқарды.

2014 жылдың қараша айынан бастап 2016 жылдың қаңтары аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары –Тәртіптік кеңестің төрағасы қызметін атқарып келді.

2016 жылдың 18 қаңтарынан 20 қазаны аралығында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы қызметін атқарды.

   
1
0
340

Еще по теме

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ - Yvision.kz