Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАҢА ТӨРАҒАЛАР САЙЛАНДЫ.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Келес аудандық филиалының «Ошақты» және «Жамбыл» бастауыш партия ұйымдарының жаңа төрағалары сайланды.

«Жамбыл» бастауыш партия ұйымында партия мүшелерінің жиналысын партияның аудандық филиалы Сасяи кеңесінің мүшесі Әлтеев Дінмұхамет Дүйсеханұлы жүргізіп, күн тәртібіндегі мәселе бойынша партия мүшелері бірауыздан «Жамбыл» бастауыш партия ұйымының төрағалығына партия мүшесі ​ Байдуллаев ​ Талғат Амангелдіұлын сайлады.

«Ошақты» бастауыш партия ұйымының жиналысын партияның аудандық филиал Төрағасының бірінші орынбасары Жұмабеков Ахмет Әбдраманұлы жүргізіп, «Ошақты» бастауыш партия ұйымының төрағалығына кандидат ұсынуды сұрады.

Аудандық филиалдың Саяси кеңесінің мүшесі Ағабек Әшірбеков «Ошақты» бастауыш партия ұйымының төрағалығына партия мүшесі Нархозиев Нұрмаханбет​ Амангелдіұлының кандидатын ұсынды.

Партия мүшелері А.Әшірбековтың ұсынысын бірауыздан қолдап, «Ошақты» бастауыш партия ұйымының төрағалығына Нархозиев Нұрмаханбет​ Амангелдіұлын сайлады.

А.Жұмабеков БПҰ төрағасы болып сайланған Н.Нархозиевтің мемлекеттік және қоғамдық-саяси қызметте тәжірибесі мол екенін айтып, төрағалық қызметте партия жұмысын жандандыруда сәттілік тіледі.

Еще по теме

ЖАҢА ТӨРАҒАЛАР САЙЛАНДЫ. - Yvision.kz