Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАҢА БИЗНЕС ИДЕЯЛАРДЫ ІСКЕ АСЫРУҒА ЖЫЛ САЙЫН 600 МЕМЛЕКЕТТІК ГРАНТ БӨЛІНЕДІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер Имашева Снежана «Бастау» коворкинг орталығында экспромт-кездесу өткізді.

Кездесу барысында үміткер коворкинг орталығындағы жастармен сұхбаттасып, партияның сайлауалды бағдарламасын қысқаша түсіндіріп, 5 жылдық бағдарламада көзделген әлеуметтік басымдықтар жөнінде айтты.

Жастар «Дипломмен ауылға» бағдарламасы және жастарға кәсіп ашуға берілетін гранттар жөнінде сұрақ қойды. Снежана Имашева сұрақтарға жауап беріп, алдағы 5 жыл ішінде жыл сайын жаңа бизнес идеяларды іске асыруға 600 мемлекеттік грант бөлінетіндігі туралы айтты.

Сондай-ақ, 2021 жылдың 10 қаңтар күні өтетін сайлау жөнінде хабардар етіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

Преодолев испытания, победим вместе!

0
0
106

Еще по теме