Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНДА ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНДА ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

«Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалының кезекті ХХVI есеп-беру сайлау конференциясы елімізде болып жатқан індетке байланысты онлайн форматында өткізілді.

Конференция жұмысына «Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалы Саяси кеңесі мен Саяси кеңесі Бюросының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, бастауыш партия ұйымдарының мүшелері, «Jas Otan» Жастар Қанатының мүшелері мен жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Жаңақала аудандық филиалының төрағасы Қарағойшин Науырызбай Қадырбайұлы конференция отырысына төрағалық етті.

Күн тәртібі бойынша мынадай мәселелер қаралды.

1.Партияның аудандық филиалы Саяси кеңесінің 2019-2020 жылдары атқарған жұмыстары туралы есебі және алдағы кезеңге арналған міндеттері турлы;

2.Партияның аудандық филиалының Саяси кеңесі мүшелерін сайлау туралы;

3.Партияның тиісті аймақтық филиалының конференциясына делегаттарды сайлау туралы.

Бірінші мәселе бойынша "Nur Otan" партиясының Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов баяндама жасады. Күн тәртібінде «Nur Otan» партиясы Жаңақала аудандық филиалы Саяси кеңесінің құрамы бекітіліп, Батыс Қазақстан облыстық филиалының есеп беру-сайлау конференциясына 4 (төрт) делегат сайланды.

Конференцияда күн тәртібіндегі мәселелер толығымен қаралып, тиісті қаулылар қабылданды.

Еще по теме

ЖАҢАҚАЛА АУДАНЫНДА ЕСЕП БЕРУ-САЙЛАУ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ. - Yvision.kz