Ж. ЖҮСІБАЛИЕВ АТЫНДАҒЫ МЕКТЕП ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
"Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалының аудандық штаб мүшелері мен аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер сайлауалды бағдарламаны түсіндіру мақсатында Ж. Жүсібалиев атындағы мектеп ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Ойыл ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген білім саласына бағытталған бірсыпыра жоспарларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Бағдарламада көрсетілген шаралардың барлығы апатты және үш ауысымды мектептерді толығымен жоюға, сондай-ақ білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар аталған шаралар ҰБТ-да 100-дан жоғары балл жинаған мектеп түлектерінің үлесін 7,1%-дан 13,4%-ға дейін арттыруға мүмкіндік береді.
