Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰН

Еліміздің дамуы барысында ұлттық бірегейлікті сақтау мен өткеннің құндылықтарын қайта жаңғырту ерекше сипатқа ие. Бүгінгі күнде тарихи тұлғалардың еліміздің мәдениетіне қосқан үлесін айқындап көрсету мәдениетіміздегі басты ерекшелік болып табылады.Осындай артынан өспеш із қалдырған тарихи тұлға Жүсіп Баласағұнның дүниеге келгеніне биыл 1000 жыл толып отыр.Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни – ақын, ХI ғасырдың аса көрнекті қайраткері, есімі күллі Шығыс елдеріне танымал болған данышпан-ойшыл. Ол көпшілікке тек дарынды ақын ғана емес, сондай-ақ Орта ғасырдың атақты ғалымы ретінде жақсы таныс болған.Табиғаттану, математика,астрономия, тарих ғылым салаларын,араб-парсы тілдерін жете меңгерген. Жетісу жеріндегі Баласағұн қаласында 1020 жылы дүниеге келген. Жүсіптің көптеген ғылымдарды меңгеріп, білімді игеруіне ақын, өнерпаз әкесі ықпал еткен. Ол Баласағұн қаласында хан сарайында өлең айтып, күй шерткен. Жүсіп әкесімен бірге хан сарайында қызмет ете жүріп, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарынан білім алады. Жалпы өмірі туралы мәліметтер өте аз сақталған.Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу білік» (Құтты білік) поэмасы – түркі халықтарының мәдени мұрасындағы көрнекті әдеби ескерткіштерінің бірі болып табылады. «Құтты білік» поэмасы орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Ойшылдың бұл поэмасы көптеген философиялық, ғылыми, әлеуметтік және этикалық мәселелерді қамтитын моральдық нұсқаулардан, яғни 6600 қос тармақтан 72 тараудан тұрады. Кітаптің басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық - әлеуметтік рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат - ынсап мәселесі. Бұл мәселе поэмада уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Адам жануарлардан ақыл мен білім сияқты қасиеттерімен ерекшеленеді, даналық, тәлім мен білім адамдардың құрметі мен құндылығының негізі деп атап көрсетеді. Жүсіп Баласағұнның есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды.

Ой өсиеті

Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік".

0
0
114

Еще по теме