ЖӘНІБЕК АУДАНЫНЫҢ ЖАҚСЫБАЙ АУЫЛЫНА ЖӘНЕ ҚАРАТӨБЕ АУДАНЫНЫҢ ШАЛҒЫН АУЫЛДАРЫНА ГУМАНИТАРЛЫҚ КӨМЕК
📷
Қиын жағдайды естіп, біліп отырып, әрекет жасамау азаматтығымызға сын деп есептеймін. Осындай сәтте мен Тлемисов Тұрарбек Тлемисович "AMANAT" партиясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты ретінде, ТОО "КА-Строй" мекемесінің бас директоры Кисенбаев Серик Есенкелдиевичпен бірігіп Қаратөбе ауданының Шалғын аулына және Жәнібек ауданының Жақсыбай ауылдарына гуманитарлық көмек жібердік.
Тең 2 млн теңге көлемінде:
📷200 мешок ұн (5 тонна)
📷402 дана макарон өнімдері(2 тонна,10кг)
📷408 л күнбағыс майы
📷200 бума шай жіберілді.
Аталған көмек 2 бірдей жүк көліктеріне тиеліп, аудандарға жеткізу үшін өз атымнан 500 мың теңге жұмсадым.
Қосымша партия әріптестерімде қалыс қалмай облыстық және қалалық мәслихат депутаттары:
📷Джакибаев Мурат Урынбаевич - 80 мешок ұн (4 тонна), 408 л күнбағыс майын
📷Рубцов Аркадий Анатольевич- 2 тонна картоп және қалалық мәслихат депутаты
📷Ашикова Нургуль Ажибаевна- 1 тонна картоп гуманитарлық көмек ретінде қолдау көрсетті.
📷Ауыл тұрғындарына Алла сабыр мен төзімділік берсін! Бұл қиындықты да ауызбіршілік пен ынтымақтың арқасында еңсеретініне сенімдімін. Қасиетті Рамазан айында бәріңізді жерлестерімізді қолдауға, қайырымдылық көмек көрсетуге шақырамын!

