Перейти к содержимому

Жұмыс берушінің суық офисте жұмыс істетуге хақысы бар ма?


Қазір еліміздің барлық өңірінде күн қатты суып жатыр. Осындай кезде офистің іші суып кетсе де, қызметкер ол жерге келуге міндетті ме? Бұл жерде жұмыс берушінің қандай міндеттері бар?

Фото: tion.ru

Заңгер Сәбина Ахметова Instagram-дағы жеке парақшасында осы сұрақтарға жауап берді.

Ол Еңбек кодексінің 182-бабына сәйкес жұмыс беруші қызметкерін қауіпсіз және денсаулыққа зиянсыз жағдаймен қамтамасыз етуге міндетті екенін атап өтті. Заңгердің айтуынша, қызметкерлердің еңбек жағдайы талапқа сай болмаса, жұмыс істеуден бас тартуға хақысы бар.

«Сонымен қатар Еңбек кодексінің 184-бабына сәйкес жұмыс беруші санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай дұрыс температураны, жарық пен желдету жүйесін қамтамасыз етуге міндетті. Ал температура 18 градустан төмен болмауы тиіс. Дауылды ескерту болған кезде жұмыс беруші не көлік беруі, не қашықтан жұмыс істетуі, не жұмыс күнін қысқартуы керек», – дейді Сәбина Ахметова.

0
0
104

Еще по теме

Жұмыс берушінің суық офисте жұмыс істетуге хақысы бар ма? - Yvision.kz