Зерек бала
Балалар ақыны, композитор ТілеуғазыБейсембеков 1942 жылы Алматы облысы, Бөрлітөбе ауданы, «Прибалхаш» кеңшарында туған.
1968 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. Қарағанды қаласында облыстық арнайы орта музыкалық мектеп-интернатта директордың орынбасары болып қызмет атқарады. «Алғашқы кітап», «Адалдық», «Қыңыр лақ» өлең кітаптары жарық көрген.
Өткен жылы «Зерек бала» өлең кітабі «2021 – балалар әдебиеті жылы» сериясымен шыққан. Жинақтағы аңыздардың тәрбиелік мәні бар. Балаларды ақылды да тапқыр, білімді де өнегелі болуға үндейді. Жас жеткіншектерді кішпейіл болуға, ата-анасын, туған елін, өскен жерін ардақтауға шақырады.
