ҮЗДІК #PavlodarFashionweek2016 СӘН КӨРСЕТІЛІМІ
Павлодар. 23 қараша. 2016 жыл. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында Жастар бастамаларын дамыту орталығында «#PavlodarFashionweek2016» сән көрсетілімі өтті.

Қазақстан Республикасында көптеген танымал дизайнерлер баршылық, десек те Павлодарлық жас дизайнерлердің еңбегін тамашалайтін іс-шара Fashion- көрсетілімі жастар орталығында екінші рет өткізілуде.

«Сән әлемі» десе, бұл әлем кеше ғана пайда болып, жер жүзіне тарағандай болып елестейді. Себебі бүгінгі ауызекі тілдегі «мода» ұғымы заман ағымымен қоса жылжып, жаңарып отыру дегенді білдіреді.

Көрсетілімде жас дизайнерлер, осы істе икемі бар студенттер қатысты. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тақырыпқа ала отырып, түрлі сән киімдерді жарыққа шығарды. Көрсетілімді көрем дегендердің қарасы көп болды, ал дизайнерлердің саны 100 ге жуық.

Розова Наталья ханымның «Астана» колекциясы көздің жауын алды. Колекцияда «Бәйтерек», «Ақ Орда», «Хан Шатыр», «Экспо 2017», «Ән айтатын фонтандар» киім үлгісінде болды.

Бұл көрсетілім Павлодар облысының шығармашыл жастары "Вернисаж" сән үйінің, М.М.Қатаев атындағы оқушылар сарайының және ИНЕУ, ПМПИ студенттерінің, Екібастұз қаласының №11 ЖОМ оқушыларының еңбектері мен ынталарының арқасында керемет кеш өтті. Павлодар политехникалық колледжінің студенттері қатысушыларды киім үлгілеріне сәйкес әрледі, көріктеріне сән бере түсті.

Жастар бастамаларын дамыту орталығының инспекторы, #PavlodarFashionWeek2016 көрсетілімінің жетекшісі Асия Мұқашеваның айтуынша, бүгінгі кешке қаланың әр сән үйі мен сәнге қатысы бар шығармашыл жастар, дизайнерлер жиналды.

- Жастар орталығындағы эксклюзивті іс-шара бұл көрсетілім ғана емес. Республикалық деңгейде көптеген іс-шаралар өткізудеміз. #PavlodarFashionWeek2016 сән көрсетілімі екінші мәрте ұйымдастырылуда. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған бүгінгі жоба өз жоғарғы деңгейінде өтті деген ойдамын. Облысымыздың жас дизайнерлері бей- жай қарамай, үздік жұмыстарын көрсетті. Әр қатысушы мен жетекшілерге орталық ұжымның атынан алғысымды білдіремін. Санаулы күндерден соң Тұңғыш Президент күні және торқалы той ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құтты болсын- деді Асия Мұқашева.
