Зайсан ауданы
Зайсан ауданы бойынша
«Nur Otan» партиясының тізімі қалыптастырылды
Бүгін Зайсан аудандық мәдениет үйінде "Nur Otan"партиясы Зайсан аудандық филиалының кезектен тыс конференциясы өтті.
Конференцияда 2021-2025 жылдарға арналған аудандық сайлауалды бағдарлама бекітілді, облыстық конференцияға қатысу үшін делегаттар сайланды.
Делегаттар 24 адамнан тұратын партиялық тізімді бекітті, онда әйелдердің үлесі 37,5% , жастардың үлесі 25%-ды құрады.
Қызмет салалары бойынша - білім беру (37,5%), шағын және орта бизнес (29,2%), ауыл шаруашылығы (12,5%), мәдениет және спорт, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және өнеркәсіп (4,2%) салаларының өкілдері.
Конференция барысында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатына үміткерлердің арасында жария пікірсайыс өтті. Оған 4 кандидат қатысты. Кандидаттар ауданды дамыту бағытында өз көзқарастарын білдіретін бағдарламалар ұсынды.
«Праймериз» ақпараттық жүйесінде жасырын, электрондық дауыс беру қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды - 1)Аэлита Ахметсалимкызы, «Айка» шаруа қожалығының басшысы, 2)Қайнолда Гүлнұр Қайдарханқызы, Х.Мұстафина атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі.
Айта кетейік, Зайсан ауданында 13 бастауыш партия ұйымына біріктірілген 2 мыңнан астам партия мүшесі бар.
