Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ҚАШАН ӨСЕДІ?

Бүгін, 23 қарашада онлайн режимде өткен кездесу үстінде үш жақты меморандум талаптарының орындалу барысы талқыланды. Аталған зауыт жұмысшылары кәсіподағының басшысы Ақниет Алданазаров өз баяндамасында барлық талаптардың орындалып жатқандығын айтты. «Жылына бір рет жұмысшылар еңбек демалысына шығады. Жұмыстың қиындығына байланысты берілетін демалыстар да бар. Жұмысқа тасымалдайтын зауыт автобустары жүріп тұр. Жалақы соңғы рет 2018 жылы көтерілді. Биыл бұл мәселені қозғадық. Дегенмен, жалақыны көтеру келесі жылдың еншісіне қалдырылды», - деді Ақниет Алданазаров.

0
0
153

Еще по теме

ЗАУЫТ ЖҰМЫСШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ ҚАШАН ӨСЕДІ? - Yvision.kz