Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Заседание ОСПК

«Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы жанындағы аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы 25 қараша күні, сағат 11-00де аудандық филиалдың мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы жанындағы аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы өтті. Отырысқа «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Сатибаев, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің төрайымы Р.Абилова, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Ж.Әйтенова, аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Күн тәртібіндегі мәселе - Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Nur Otan» партиясының 2015-2025 жж. арналған жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасын жүзеге асыру бойынша атқарылған жұмыстары жайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысы Ж.Әйтенова есеп берді. Жұмакүл Смайылқызы бөлімде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, болдырмау мақсатында атқарылған жұмыстар жайлы, 2020 жылдың 10 ай ішінде бөлім азаматтарға 14 мемлекеттік қызмет түрін көрсеткені, оның ішінде 7 қызмет түрі мүмкіндігі шектеулі жандарға арналғаны жайлы, 2021 жылдан бастап, әлеуметтік портал ашылып, қызмет көрсету қолға алынатыны жайлы, сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылық әрекет тіркелмегені жайлы айтты. Отырыс барысында азаматтарға мемлекеттік қызмет көрсету барысында мамандардың жауапкершілігін арттыру, мамандардың азаматтарды онлайн қабылдауын өткізу, инватаксидің қызметі, ауған соғысы ардагерлеріне көмек беру, келесі жылы округтерде көшпелі отырыстар өткізу жайлы ұсыныстар айтылып, өзара пікір алмасты. Күн тәртібіндегі қаралған мәселелерді талқылай келе, «Nur Otan» партиясы Іле аудандық филиалы жанындағы аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңес отырысы қаулы қабылдады.

0
0
204

Еще по теме

Заседание ОСПК - Yvision.kz