Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ӨЗ ОЙЛАРЫН ОРТАҒА САЛДЫ

Ауданымызда кәсіпкерлікті дамыту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалында осы бағытта түрлі ісшара өткізіліп келеді. Бұған «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы да ықпал жасауда.

Бүгін «Nur Otan» партиясы Ордабасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бердімұрат Әлиасқар Байдуллаұлы карантин талаптарын сақтай отырып, онлайн түрде ZOOM бағдарламасымен бастауыш партия ұйымы мүшелері мен «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Сейдахмет Бердімұратовтың, аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Фатима Ташимованың қатысуымен кәсіпкерлікті жаңа әдістермен жандандыру мақсатында онлайн жиналыс өткізді. Қатысушылар осы төңірегінде өз ойларын ортаға салды.

0
0
138

Еще по теме