Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ӨКІЛДЕРІМЕН ЭКСПРОМПТ-КЕЗДЕСУ

ҚР Президенттігіне үміткер Қ.Тоқаевтың сенім білдірген үгіт-насихат тобының мүшелері С.Ахтаев, А.Сахов, Т.Әміралиев және Ж.Амангелдиев «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес АҚ-ның Түркістан облысы бойынша филиалының Төлеби аудандық бөлімшесінің ұжымымен (ЦОН) кездесіп, стратегиялық бағыттарды айқындаған сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Кездесуде Төлеби аудандық мәслихатының депутаты А.Сахов Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы негізгі бағыттарды атап өтті. «Мемлекеттік қызметшілер жалынды ұран мен жалаң сөзге үйір болмауға тиіс. Олар барынша тиімді әрі өнімді жұмыс істеуі қажет. Халыққа әдемі жоспарлардың қажеті жоқ. Әдемі баяндамалар да қажет емес. Жұрттың күтіп отырғаны – нақты шешімдер және нәтижелі жұмыс»,- деп айтып өтті.

Бүгінгі жиында сіздермен сұхбаттасып, еркін пікір алаңында алдағы елімізде болатын және болып жатқан саяси реформалар төңірегінде сөз қозғауды жөн көрдік. Сондай-ақ, сіздерге Қ.Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасындағы бірнеше бағыттар бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, көкейлеріңізде жүрген сауалдарға жауап беруге келдік, - деді үгіт-насихат тобының мүшесі С.Ахтаев.

Сондай-ақ, Қ.Тоқаевтың «Барша халықтың әл-ауқатын арттыру шенеуніктердің басты бағдарына айналады. Олардың кәсіби қызметі сол арқылы өлшенеді. Өйткені, бұл – біздің жалпыұлттық мақсатымыз. Басшылардың айтқаны заң деген ұғым келмеске кетеді. Бірінші орында халықтың және мемлекеттің мүддесі тұруы керек»- деген сөзі жиын барысында тілге тиек етілді.

Жиын қорытындысы бойынша үгіт-насихат тобының мүшелері Т.Әміралиев және Ж.Амангелдиев алдағы сайлауға белсене қатысып, баршаға тең құқықты, Әділетті Қазақстанды құруға аянбай еңбек етуге шақырды.

#TOQAEV2022

0
0
131

Еще по теме

ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ӨКІЛДЕРІМЕН ЭКСПРОМПТ-КЕЗДЕСУ - Yvision.kz