Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Қыздар арасында волейбол

Бүгін Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен қыздар арасында волейболдан аудандық біріншілік ойыны өткізілді. Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында өткізілген жарысқа Миялы ауылының жастары мен жасөспірімдерінен құралған қыздар командалары қатысты. Көк допты көлденеңнен көздеп, алаңда әдемі ойын өрнегін көрсете білген ойыншылар жарыс қорытындысымен түрлі аталымдар бойынша марапатталып, командалар жүлдеге ілікті. Бөлім басшысы Асқар Ақтаев жеңімпаз команда мен үздік ойыншыларды жеңісімен құттықтап, медалдар тақты.

Жарыс қорытындысымен:

1 орын – Әлия Молдағұлова атындағы команда

2 орын – Мәншүк Мәметова атындағы команда

3 орын – Хиуаз Доспанова атындағы команда

Жеңіске деген жігерлігі үшін - Томирис командасы

Аталымдар бойынша:

Үздік ойыншы – Жанболатқызы Сәулет

Үздік шабуылшы – Қанатқызы Айкөркем

Үздік қорғаушы – Алмасқызы Іңкәр

Үздік байланыстырушы – Аманжолова Ақбаян

Үздік жас волейболшы – Макарова Ханбибі

0
0
121

Еще по теме

Қыздар арасында волейбол - Yvision.kz